Семейде героин тасымалымен айналысқан қарттар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде героин тасымалымен айналысқан қарттар ұсталды

Семейде героин тасымалымен айналысқан қарттар ұсталды

Семейде есірткі тасымалдамақ болған қос қария ұсталды. Пойызбен Ресейдің Новосібір қаласына кетіп бара жатқан 70 жастағы ерлі-зайыптылардың сөмкелерін шекарашылар кездейсоқ тексеріпті.

  • 29 Шiлде 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz


4 жарым келі героин дорбаның түбіндегі жасырын қалталарға салынған екен. Дегенмен қарттар тауар біздікі емес, сөмкені Душанбеде белгісіз біреулер ұстатып, Новосібірге жеткізіп тастауымызды сұрады деп ақталып отыр. Қазір зейнеткерлердің айтқандары тексерілуде. Ал өздері уақытша қамауға алынған. Егер есірткіге қариялардың қатысы бары анықталса, олар 10 жылға бас бостандықтарынан айырылулары мүмкін.

Соңғы жаңалықтар