Семейде ішкілікке салынғандардың шуынан мезі болған тұрғындардың шағымы көбейген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ішкілікке салынғандардың шуынан мезі болған тұрғындардың шағымы көбейген

Семейде ішкілікке салынғандардың шуынан мезі болған тұрғындардың шағымы көбейген

Семейде ішімдікке салынғандар жұрттың мазасын алуда. Айғай-шудан мезі болған тұрғындар полицияға том-том шағым түсіріп жатыр. Ал инспекторлар оларды қанша жауапқа тартқанымен төзге түсіре алмай отырғандарын мойындайды. Тіпті, оңалту орталығында күштеп емдеу, ата-ана құқығынан айыру сияқты шаралар да әсер етпейтін болған. Десе де тәртіп сақшылары тағы бір рейдке шықты.

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 244
Фото - Caravan.kz

Көгала қойдай болып жатқан-жасы 40-тағы Фая есімді әйел. Ол 10 жылдан бері арақтың құлына айналған екен. Алақан жайып тапқан-таянғанымен құлқынның қамын күйіттеумен әлек. Баспанасында жарық жоқ болса да, жын ойнақтың ордасы осында. Көршілері күн батқанда ішетіні де, шегетіні де осында жиналады деп дабыл қақты. Арадағы келіспеушіліктің соңы төбелеспен шешілетіндіктен түн баласы тыныштық жоқ дейді.

Гөзәл Хұснидинова, Семей қаласының тұрғыны:


Барлығы осында жиналады. Күнде айғай-шу. Қақпамның алдында күнде төбелес. Тыныштық жоқ.

Тіпті, бір ғана полиция бөлімшесінің өзі көршілерінің құтын қашырған 50-ден астам отбасын тіркеуге алған екен. Оның он алтысына ата-аналық құқығынан айыру жазасын қолданған. Ал күштеп емдеуге жібергеннің өзі еш нәтиже бермей жатыр. Ауруханадан шыға сала, әдеттеріне қайта басады.

Соңғы жаңалықтар