Дәрігерлердің айтуынша, оқыс оқиға кеше кешкісін Рысқұлов көшесінде орналасқан көп кабатты үйлердің бірінде болған. Тоғыз жасар бала , екінші қабаттың кіре берісінде ойнап жүріп , лифтінің есігіне сүйене бергенде, есік ашылып кеткен. «Жасөспірім алты метрлік биіктіктен лифттің шахтасына құлап түскен. Оның бас сүйегіне зақым тиген, миы шайқалып, жіліншігі сынған»,-дейді жедел жәрдемдәрігерлері.
Қазіргі кезде зардап шеккен бала ауыр халде облыстық балалар ауруханасында жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті