Семейде көктайғақтан бір күнде 84 адам қол-аяғын сындырған - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде көктайғақтан бір күнде 84 адам қол-аяғын сындырған

Семейде көктайғақтан бір күнде 84 адам қол-аяғын сындырған

Семейде көктайғақтан аяқ-қолын сындырғандар саны артуда. Тек бір тәуліктің өзінде 84 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. Көбінің жарақаты ауыр. Осыған байланысты қазір бұл жерде жедел жәрдем қызметі қарқынды жұмыс тәртібіне көшті.

  • 9 Қараша 2012
  • 360
Фото - Caravan.kz

Бір күн толассыз жауған қар аралас жаңбыр қала көшелерін көк тайғаққа айналдырған. Жергілікті коммуналдық қызмет мұздан тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқанымен, көк мұзда жығылып, жарақат алғандар легі толастар емес. Бір күнде 40 адамның аяқ-қолдары сынып, ауруханадан балдақпен шықты.


Зейнегүл Дәнібаева, Семей қаласының тұрғыны:

Үйіме таяп қалғанда осы ауа райының кесірінен тайып жығылып, осы оң қолым міне қазір жарақат алды. Көшенің суын уақытында сорғызып отырса,  мүмкін мұндай болмас еді деп ойлаймын.

Соңғы жаңалықтар