Шығыс Қазақстан облысында ауа райы құбылмалы болып тұр. Біресе қар жауып, боран соқса, аракідік жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналады. Қардың қалыңдығы кей жерлерде 30 сантиметрге дейін жеткен, деп хабарлады 24.кз.
Облыста жол апаты жиілеп, соңғы 2 күнде 69 оқиға тіркелді. Ал Семейде көктайғақтан зардап шеккендер саны осы аптада 2 есеге көбейген. Жарақат бөлімшесіне әдетте күніне 30-40 адам қаралса, қазір олардың қатары едәуір артқан. Тұрғындар бұған көшелерді дер кезінде тазаламайтын коммуналдық қызметті кінәлап отыр.
"70-80 таңертең келген кісілер, кезекші травматологтың айтуына қарағанда, травпунктке келгендер саны. Сонымен салыстырсақ, 2 есе көбейді деп айтуға болады. Сан сүйек, қол сүйегі, одан кейін сирақ сүйек, тобық сүйек ең көбі. Өтінішім біреу коммуналдық қызмет жұмыс істеу керек, ең бірінші, соның кесірі" деді қалалық жедел жәрдем ауруханасының жарақат бөлімі дәрігері Сержан Сайлаубаев,