Семейде колледж студенті ақша үшін бірге оқитын құрбысын өлтірді
|
Семейде 17 жастағы қыз ақша үшін бірге оқитын құрбысын өлтірді. Медициналық колледжде білім алып жүрген бойжеткен қылмыс жасауға азаматтық некедегі күйеуін ертіп барыпты. Алдымен өзі құрбысын ұрып сұлатса, жігіті пышақ сұғып алған.
Бұл қаскөйбұған дейін қыз зорлағаны үшін істі болған. Жазасын қоныс колониясында өтеп жүрген көрінеді. Ал болашақ дәрігер курстастарынан ақша бопсалаумен айналысып келіпті. Күдіктілер үйдегі 100 мың теңгеден астам ақша мен бағалы заттарды да қолды қылған. Олар келесі күні-ақ қолға түсті. Енді бір шаңырақтың жалғыз перзентін өлтіргені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін