Бүгінде «Оң жақ шығыс» саяжайы тұрғындарының саны 5 мыңға жеткен. Саяжай деген аты болмаса, мұнда ел қысы-жазы тұрады. Осы мыңдаған халық жеті жылдан бері қалаға қатынайтын жалғыз қоғамдық көлікке тәуелді.
Гүлжанат Сәнкешова, саяжай тұрғыны:
-Біз мына Семейдің іргесіндегі халықпыз. Халықтың жағдайы қиын. Жаз бойы 29, 52 бәрін береді. Елге мүмкіндік беріп. Одан кейін ол мүмкіндікті тартып алады. Өйткені, әкім дұрыс жұмыс істемейді. Жолаушылар бөлімін тексермейді.
Бақылау болмағандықтан қоғамдық көліктегілер де бассыздыққа жол бере бастаған. Кестеден кешігуі өз алдына оқушыларды мінгізбеуді шығарыпты.
Күләш Көпбаева, саяжай тұрғыны:
-Кондукторлар кешке жақын балаларды итеріп кіргізбейді. Үлкен кісілер кірсін деп. Ал, үлкендер онсызда толып келеді. Сонда мына балалардың күнәсі не? Мысалы: төртінші сыныптан жоғары оқитындар өздері қайтады. Оларды ата- аналары тосып алмайды ғой.
Саяжайға қатынайтын №17 қоғамдық көлікті біз де күтіп көрдік. Алайда, жарты сағат уақыт осы аялдамада тұрсақ та қарасын көрсетпеді. Ал, мектептен шыққан бүлдіршіндер болса, 5 шақырым қашықтықты жаяу жүруге мәжбүр.
Бұл іс бойынша прокуратура тексеріс жүргізуді бастады. Олар енді өздері би, өздері қожа болған автобус жүргізушілерін жазаламақ.
Loading...