Жарияланды: 360

Семейде контрафакт өнімді сақтап, сатқан жергілікті тұрғынның бас бостандығы бір жылға шектелді

Шығыс Қазақстан облыстық сотының аппеляциялық алқасы Семей сотының қала тұрғыны Берікжан Рахметоллаевты авторлық құқық объектілерін заңсыз сақтап, пайдаланғаны үшін бір жылға бас бостандығын шектеу туралы үкімін күшінде қалдырды, деп хабарлайды ШҚО облыстық сотының баспасөз қызметі.

«Б. Рахметоллаев ҚР ҚК 184 бабының 2 бөлімі бойынша авторлық құқықты бұзғаны, айтарлықтай көлемде контрафакт өнімдерді сақтап, сатқаны үшін бір жылға бас бостандығынан айыру түрінде нақты жаза алды», - деп хабарлайды сот. Іс материалдарында айтылғандай, Семей тұрғыны «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңның 16,31 баптарын бұза отырып, материалдық пайда табу мақсатымен Алматының базарларынан құқығы «Видео-Аудио Меломан» ЖШС-іне тиесілі туындылар жазылған дискілер сатып алған. Семейде Глинка көшесіндегі сауда дүңгіршегінен бақылау сатып алу кезінде Б. Рахметоллаеы оперативті қызметкерге «Бойцы» фильмі жазылған DVD сатқан, осыдан кейін қаржы полицейлері сауда нүктесінен контрафакт өнімдері бар 75 диск тәркіледі. Сараптаманың қорытындысына сәйкес, аталған компакт-дискілер лицензиялық өнім үлгілеріне сәйкес келмейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін