Қалалық автовокзалдан хабарлауынша, түрлі бағыттарда жолға шығатын автобустар кешігіп шығуда.
Жергілікті әуежайда да қиындықтар туындап отыр. Қазіргі жағдаймен таңертеңгі сағат 9-да Алматы мен Астанаға бет алуы тиіс екі рейс сапарға шыққан жоқ. Ұшу жолағы мен әуежайға апаратын жолдар тазартылу үстінде. Жолдарды қар басып қалуына байланысты жүргіншілердің көбі терминалға жете алмай жатыр. Әуежайдағылар жағдай көп кешікпей қалпына келіп, ұшақтар түске дейін жолға шығады деп сендіруде.
Кеше, 3-сәуірден бастап жауа бастаған қалың қар күні бойы жалғасып, жолдарды жаппай батып қалды. Семей қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының кезекші бөлімінен хабарлауынша, күн райы қашан түзелетіні белгісіз.