Жатақханадағы аядай бөлме өртенсе де, онда тұратын 65 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді. Төтенше жағдайға өрт қауіпсіздігін сақтамаған тұрғын себеп. Төртінші қабатта тұратын азамат удай мас күйде шылым шекпекке әрекеттенген екен. Бөлмесінен шығуға ерінген ол темекіні жататын жерінде тұтатыпты. Қызыл шоқ төсекке түсіп, лезде тұтана бастаған. 40 жастағы жігіт ағасы сол күйі тіл тарпастан көз жұмды.