Семейде көркем гимнастика мектебі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде көркем гимнастика мектебі ашылды

Семейде көркем гимнастика мектебі ашылды

№ 2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде гимнастика залы ашылды. Спорт нысанының салтанатты ашылуына қала әкімі Айбек Кәрімов, спорт қауымдастығы, жанкүйерлері, жас спортшылар қатысты.

  • 3 Қыркүйек 2013
  • 701
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторынан хабарлады.

Көркем гимнастика мектебінің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Айбек Кәрімовтің айтуынша, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 55 млн. теңге қаржы бөлінген. Баласын спорттың осы түріне бергісі келгендер соңғы он жылдан бері жеке ғимаратты былай қойғанда жаттығу залын таба алмай, талай рет тұйыққа тірелген. Осынау игі қадам — елімізде біраз уақыттан бері қолға алына бастаған бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы жүзеге асқан іргелі істердің бірі.

Іргетасы 1985 жылы қаланған ғимарат бүгінде жан-жақты жөндеуден өткізілген.


Жаңа мектептің лентасын қала әкімі Айбек Кәрімов пен үстіміздегі жылы көркем гимнастикадан Алматы қаласында өткен оқушылар турнирінің жеңімпазы Әділжан Айтқалиев қиған айтулы сәттен кейін ішке енген көпшілік көркем гимнастикаға бет бұра бастаған бүлдіршіндеріміз бен оқушылардың асқан ептілікке толы шеберліктеріне куә болды. Сондай-ақ шара барысында спорт ардагері Валерий Носиков, Қазақстанның еңбегі сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колмаков жас спортшыларға табысты жетістіктер тілеп, сый-құрметін көрсетті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера