Семейде көршілер жылу ақысы үшін қырқысып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде көршілер жылу ақысы үшін қырқысып жүр

Семейде көршілер жылу ақысы үшін қырқысып жүр

Семейде көп қабатты үйлердің тұрғындары жылу ақысын төлеуден жалтарған көршілерімен жанжалдасып жатыр. Себебі, олардың берешегінің кесірінен бүтін бір нысанға жылу берілмеген. Ал коммуналдық мекеме борышкерлер қарызын толық өтемейінше қызмет көрсетуден бас тартыпты.

  • 22 Қазан 2015
  • 636
Фото - Caravan.kz

Бұл –Семейдің қақ ортасында орналасқан жатақхана тұрғындарының өзара жанжалы. Бірен-сараны коммуналдық мекеме алдындағы қарызын өтемей 82 пәтер толықтай жылу көзінен ажыратылыпты. 7 қабатты ғимараттың жалпы қарызы қазір 1 млн. 600 мың теңгеден асқан.

Мәрия Мұхамәдиева, Семей қаласының тұрғыны:

-Аржақ шетте бар. Мысалы үшін, өзіміздің ақша жинап жүрген әйеліміздің қаншама ақшасы болса да төлемейді. Міне, екі жыл болды. Айтсаң, өзіңмен айғайласып төбелесіп шыға келеді.

Мына бір пәтерде 5 жылдан бері адам тұрмайды. Тұрғындар иесін қанша іздегенімен, оны табу мүмкін болмаған. Бүгінде мұның жылуға берешегі белшеден екен. Осының кесірінен зардап шегіп отырмыз дейді, қараша халық.

Тұрғындар электр пештерін қосқанымен баспанасы 15 градустан артық жылымайды. Ал, төсек тартып жатқан науқастар қабат-қабат киініп, шөлмектерге құйылған жылы сумен жан бағуда. 

Жылу беру мекемесі мұндай қадамға шарасыздықтан барыпты. Өйткені құбыр мен қазандықтарды жамап-жасқау мен жұмысшылардың жалақысын төлеуге қаражат жеткіліксіз. Сондықтан қарыз толығымен өтелмейінше, жылу берілмейді.  


Жанна Шаймұратова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық  шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:  

-Бұл үйлерді жылусыз ұстай тұрамыз. Әзірге  ауа-райы қолайлы. Елдер хабарласып жатыр. Хабарласа берсін. Есесіне олар келесі жылы жылуға төлем жасауды ұмытпайтын болады.

Семейліктердің жылу беру мекемесі алдындағы жалпы берешегі 240 млн. теңгеден асады. Сондықтан ондағылар тіпті қыс түссе де, жылуды қоспаймыз деп бекініп отыр. 

Соңғы жаңалықтар