Семейде мектеп асханасындағы тамақтан он алты оқушы уланған - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мектеп асханасындағы тамақтан он алты оқушы уланған

Семейде мектеп асханасындағы тамақтан он алты оқушы уланған

Семей қаласындағы №19 орта мектептің 16 оқушысы асхана тамағынан уланған. Оның үшеуі ауруханаға жеткізілді.

  • 25 Қыркүйек 2014
  • 655
Фото - Caravan.kz

Қалалық ТЖ басқармасы хабарлағандай, 25-қыркүйек күні «Жедел медициналық жәрдем» ауруханасының кезекшісінен уланды деген күдікпен №19 мектеп оқушылары ауруханаға жеткізілгені туралы мәлімет келіп түскен.

«Ауруханаға жатқызылған үш оқушының екеуі үшінші сыныпта, біреуі алтыншы сыныпта оқиды. Қалғандары үйлерінде емделіп жатыр», — деп хабарлайды қалалық ТЖБ.

Зардап шеккендер 2-ші және 6-сынып оқушылары. Оларға «тамақтан улану, гастроэнтерит» деген диагноз қойылып отыр.


Басқарма мәліметіне сүйенсек, мектеп асханасы жергілікті жеке кәсіпкердің қолында.

Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр. Асхана жабылды.