Семейде мектеп өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.55
  • 596.03
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мектеп өртенді

Семейде мектеп өртенді

Қаладағы N12 орта мектептің ғимараты қызыл жалынға оранғаны жөніндегі хабар кезекші бөлімге сағат 04:00 шамасында түскен.

  • 20 Маусым 2016
  • 351
Фото - Caravan.kz


Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер кірпіштен салынған 3 қабатты ғимараттың бірінші қабатындағы бөлменің жанып жатқанын анықтаған. Тілсіз жаудың беті дер кезінде қайтарылды. Қызыл жалын 10 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртпен айқасқа 26 адам мен 7 техника жұмылдырылған. Алдын ала болжамдар бойынша, өрт қасақана қойылуы мүмкін. Өйткені терезе шағылыпты. Дәл қазір оқиғаның анық-қанығын полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Бұл туралы Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлап отыр.