Семейде мешіттерді жаңғыртуға 30 млн. теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мешіттерді жаңғыртуға 30 млн. теңге бөлінді

Семейде мешіттерді жаңғыртуға 30 млн. теңге бөлінді

СЕМЕЙ. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Семейдегі қалалық үш мешітті жаңғыртуға 30 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы Семей өңірінің бас имамы Тыныштық қажы Яхияұлы бүгін журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 8 Тамыз 2006
  • 448
Фото - Caravan.kz



Бас имамның айтуынша, қаржы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес бөлінген. Мәселен, бір айдан бері Семейде Латыф Садық атындағы бір мұнаралы мешіт жаңалануда. Оның жөндеуге 9 млн. теңге бөлінген. «15 адамнан құралған құрылысшылар тобы Түркістан мен Қызылорда облысынан келді. Қазір олар қабырғалар, мешіттің төбесі мен еденін жөндеп жатыр»,- деді бас имам. Жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қазан айында аяқталады.

Оның хабарлауынша, 2007-жылы орталық екі мұнаралы мешітті жаңғырту межеленген. Бұл жұмысқа 15 млн. теңге бөлінді. Сонымен бірге, имамның ақпаратына сәйкес, «Тыныбай» мешітін жөндеуге 5 млн. теңге бөлінді.

Бұған қоса «Қазреставрация» РМК Қызылорда облыстық филиалының бастығы Біржай Бижановтың хабарлауынша, бір мұнаралы мешітті жөндеуді аяқтағаннан кейін құрылысшылар Жидебайдағы Абай мен Шәкәрімнің мұражай кешенін жаңғыртуға кіріседі. «Онда шатырдан су ағуға байланысты бір зал мүлдем пайдаланылмайды. Қысқа дейін кешенді жөндеп бітіреміз деп сенемін»,- деді Б.Бижанов.

Перейти к новостям спорта