Семейде мүгедек бала ән арқылы емделіп шығуға бел буды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мүгедек бала ән арқылы емделіп шығуға бел буды

Семейде мүгедек бала ән арқылы емделіп шығуға бел буды

Ән арқылы мүгедектіктен емделмек. Семейде сал ауруына шалдыққан жігіт рэп жанрында төл туындыларын жазуға кірісті. Осылайша, ол жеке альбомын шығарып, сатып, қымбат операцияға қажетті қаржыны жинамақ ниетте. Ауыр диагнозға қарамастан 20 жастағы жігіт әуені мен өлеңін өзі жазып, бүгінге дейін 10 ән дайындап үлгірген. Жергілікті студиялардың бірі - өңдеу жұмыстарын тегін жүргізуге келісім беріпті. Енді жас әншіге тек шығармашылық бағыт сілтейтін продюсер керек. 

  • 20 Шiлде 2011
  • 686
Фото - Caravan.kz

Мына мүгедектер таксиіне рэперлер бірінші рет отырды. Нұркен Бектасов — Семейлік жастар арасындағы сәнге айналған осы әуен арқылы өз-өзін емдеуге бел буған алғашқы тұрғын. Бүгін студияға бас сұққан ол кезекті туындыны жазу үшін түнімен отырғанын айтады. Барлық туындының сөзін де, әнін де өзі жазған. Жас рэпердің алғашқы жинағы 10 әннен құралмақ. Нұркен тұңғыш топтамаға ат қойып үлгермесе де, басты әнін алғашқы жақсы көрген бойжеткенге арнаған.  

Нұркен Бектасов:

-Мен әдемі құсымнан, әдемі махаббат құсымнан айырылғанмын, Толғанай деген. Айырылғанда менің кішкене қателіктерім болды. Содан осындай сөздер шықты. Ол өзінен өзі ойыма келе берді, ал мен жаза бердім.

Нұркен Бектасов бала кезінен мүгедек. Алғаш рет 18 жасында ән шырқап, бірден продюсермен жұмыс істеуге бел буыпты. Бұл жоспары жүзеге аспаса да, бүгінде жергілікті студиялардың біріндеі тегін ән жазуға мүмкіндік алды. Бірқатар әнін дайындап үлгерген ол қазір өз еңбегін тыңдап, сараптан өтізуде.


Бақыт Ақажанова, Нұркеннің анасы:

-Баламды осында әкелгелі бері, өмірге деген құштарлығы, шығармашылыққа деген құштарылығы керемет оянды. Өзінің арманыма жетем, шығармашылықпен өзімді әрі қарай дамытам деген ойы бар. 

Рэпердің өзі түбінде осы сазгерлік арқылы қоғамнан өз орнын тауып қана қоймай, аяғынан тұрып кететініне сенімді. 

Нұркен Бектасов:

-Бірінші арманым осы тректерімді шығару, Алла бұйыртып, қысқа дейін шығу керек. Екінші арманым сол, ең үлкені де осы, емделу керек болып тұр.

Нұркен ән жазу үшін студияға аптасына үш рет келеді екен. Әндерінің басым көпшілігі махаббат туралы болғанмен, патриоттық туындыларға да қалам тербей бастаған. Қазір автор “Біздің Президент” атты шығармасын дайындау үстінде.

Соңғы жаңалықтар