Семейде мүгедек балаларға көмек көрсетуші бөлімшелердің аралық жұмыс қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мүгедек балаларға көмек көрсетуші бөлімшелердің аралық жұмыс қорытындысы шығарылды

Семейде мүгедек балаларға көмек көрсетуші бөлімшелердің аралық жұмыс қорытындысы шығарылды

Семейде мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға көмек көрсетуші бөлімшелердің аралық жұмыс қорытындысы шығарылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы Орал Арғымбеков хабарлады.

  • 3 Желтоқсан 2003
  • 1128
Фото - Caravan.kz

О.Арғымбековтың айтуынша, қалалық әкімшіліктің «мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға өз үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге арналған бөлімшелер құру туралы» қаулысына сәйкес Семейде 2003-жылдың мамыр айында пайда болды. Қазір қалада осындай 4 бөлімше жұмыс істейді. О.Арғымбековтың айтуынша, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының жанындағы арнайы комиссиядан келтірілген тізім бойынша іріктелген отбасыларда тексеру жүргізу нәтижесінде көмекке зәру балалар анықталады. Қазіргі жағдаймен Семейде 298 мүгедек балаға осындай көмек көрсетілуде. Олардың 95 проценті Даун сырқаты, сал дерті тәрізді ауыр науқасқа шалдыққандар. Оларға әрбір баланың өзіне арналған жеке реабилитациялық бағдарлама негізінде кәсіби медициналық жәрдем жасалуда, дейді О.Арғымбеков.

Оның айтуынша, балалардың басым көпшілігінің ағзалық даму деңгейі жеке физиологиялық өсу көрсеткішіне сай келмейді. «Осындай науқас балаларды бағып-күту және тәрбиелеуге мүлдем машықтанбаған ата-аналардың өзі жағдайды тіптен ушықтырып жіберетін жайттар да кездеседі»,- дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы.
О.Арғымбековтың атап көрсетуінше, балалардың басым көпшілігі арнайы жәрдем көрсету бөлімшелерінің ашылуы нәтижесінде ғана хат танып сауатын ашқан. Алайда кейбір қиындықтар күні бүгінге дейін шешілмей отыр,- дейді ол. Атап айтсақ, дәрігердің рецептісі арқылы дәрі-дәрмекті тегін алуға мүмкіндік жоқ, сондай-ақ, балаларды арба, етіктер мен ходунок тәрізді ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету мәселесі де шешімін күтуде. Бұған қоса әлеуметтік қызметкерлер санын арттыру талабы туындап отыр. Ол үшін кәсіби мамандарды жұмылдыра отырып арнайы дәрістер ұйымдастыру қажет дейді О.Арғымбеков.
Осы мәселелер сарапқа салынған әкімшіліктегі отырыста Семей әкімі Амангелді Қажыбаев аталмыш тауқыметтерді білім беру және денсаулық сақтау басқармаларымен бірлесе отырып шешу жөнінде нұсқау берді. А.Қажыбаев сондай-ақ, қазіргі бөлімшелердің негізінде мүгедек балаларға кәсіби көмек көрсете алатын дәрігерлік-педагогикалық қызметкерлері бар дербес мемлекеттік мекеме құрудың орындылығын ескертті.

Соңғы жаңалықтар