Әкімдік «өндірістік қажеттілікке байланысты «Қазтелерадио» АҚ радиотелевизиялық станцияның антенналық жүйелеріне жөндеу жүргізуді және монтаж жасауды жоспарлағанын» хабарлады. Осыған байланысты 20 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында таңғы сағат 6 мен кешкі 18 сағат аралығында барлық радио және теле көрсетілімдер тоқтатылуы тиіс болатын.
«Алайда, Пекиндегі Олимпиада ойындарының әсерінен көрермендерден көптеген шағым түсті. Осы себепті жұмыстарды Олимпиада аяқталғанға дейін шегере тұруға шешім қабылданды», — деп хабарлады ведомство.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті