Семейде Олимпиада ойындарының әсерінен телемұнараны жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Олимпиада ойындарының әсерінен телемұнараны жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді

Семейде Олимпиада ойындарының әсерінен телемұнараны жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді

Семей. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде Пекиндегі Олимпиада ойындарының әсерінен телемұнараны жөндеу жұмыстары кейінге шегерілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық әкімдіктен хабарлады.

  • 21 Тамыз 2008
  • 474
Фото - Caravan.kz

Әкімдік «өндірістік қажеттілікке байланысты «Қазтелерадио» АҚ радиотелевизиялық станцияның антенналық жүйелеріне жөндеу жүргізуді және монтаж жасауды жоспарлағанын» хабарлады. Осыған байланысты 20 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында таңғы сағат 6 мен кешкі 18 сағат аралығында барлық радио және теле көрсетілімдер тоқтатылуы тиіс болатын.

«Алайда, Пекиндегі Олимпиада ойындарының әсерінен көрермендерден көптеген шағым түсті. Осы себепті жұмыстарды Олимпиада аяқталғанға дейін шегере тұруға шешім қабылданды», — деп хабарлады ведомство.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар