Қайғылы жағдай Семейдегі жеке үйлердің бірінде болған. «Восточный» кентіндегі «Восточный» көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шығып, ондағы 61 жастағы әйел жанып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өрт кешкі сағат 22:00-де шыққан. Көршілер өз күштерімен әйелді құтқару үшін терезені сындырған, кейін өрт сөндіру қызметін шақырған. Алайда, белгілі болғандай, ауа ағыны өртті өршітіп жіберген. Өрт сөндірушілер хабар түскеннен кейін оқиға орнына 5 минуттың ішінде барған, алайда әйелге көмектесу мүмкін болмаған. Ол өрт кезінде тірідей жанып кеткен.
Өрт 57 шаршы метр жерді шарпыған. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер үйден жарылып үлгермеген газ баллонын алып шыққан. Өрт сағат 22:57-де сөндірілген.
Қаза тапқан әйел демалыста, үйінде жалғыз жүрген, ал жұбайы болмаған.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша, өрт дәлізден басталған, сондықтан марқұм үйден шыға алмай қалған.