Семейде Орталық мәдениет және демалыс саябағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Орталық мәдениет және демалыс саябағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды

Семейде Орталық мәдениет және демалыс саябағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды

Семей. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде Орталық мәдениет және демалыс саябағы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін уақытша жабылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Құсмиля Нұрқасым хабарлады.

  • 12 Тамыз 2008
  • 709
Фото - Caravan.kz

Оның ақпаратына сүйенсек, орталық саябақ ұзақ уақыт бойы жеке кәсіпкерлерге жалға беріліп келген. Ал биыл қалалық коммуналдық меншігіне қайтарылған. Осыған байланысты Семейде «Орталық мәдениет және демалыс саябағы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны құрылған.

Қазіргі уақытта кәсіпорын саябақты күрделі жөндеу үшін жұмыстарын бастап кетті. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 39 млн теңге бөлінген.

Қ. Нұрқасым саябақ биылғы жылдың қыркүйек айының ортасына таман ашылатынын және қазақтың ойшыл, ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының 150 жылдық мерейтойына арналатынын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар