Семейде ою-өрнекпен бедерленген, футбол добына ұқсас тақия шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ою-өрнекпен бедерленген, футбол добына ұқсас тақия шығарылды

Семейде ою-өрнекпен бедерленген, футбол добына ұқсас тақия шығарылды

Семейде Қазақстан футболының 100 жылдығына орай мәртебелі меймандарға ерекше тақия тарту етілді. Шеті қазақи ою-өрнекпен бедерленген бас киімнің төбесі футбол добына ұқсас теңбіл.

  • 24 Қыркүйек 2013
  • 468
Фото - Caravan.kz


Ала тақиялар қазақ футболының отаны саналатын Семей қаласына арнайы келген құрметті қонақтарға табысталды. Жалпы мұндай бас киім 200-ге жуық данамен шығарылған. Оның біршамасы Ресей, Грузия, Украина қаласынан ат арытып келген аяқдоп спортының ардагерлерінің басында кетті. Айта кетейік, өткен демалыс күндері Семейде Қазақстан футболының мерейтойы кең көлемде аталып өткен болатын.