Оның айтуынша, тонаушылық оқиғаларының басым бөлігін жастар жүзеге асыруда. Жуырда тағы бір осындай күдікті ретінде 18 жастағы Семей тұрғыны ұсталды. Тәртіп сақшылары оны тонаған пәтер санына қарай «рекорд иесі» деп атап отыр. Қазіргі жағдаймен оның 11 пәтер тонау оқиғасына қатысты екені әшкереленді.
М.Қадырбаевтың айтуынша, күдікті тек пәтер тонаумен ғана шектелмей, Семейдің сол жағалауындағы автотұрақтардан да ұрлық жасаған. «Ол қыс маусымына арнаған отыннан бастап автокөліктің қосалқы бөлшектеріне дейін үптеп кетіп отырған»,- деді ол.
Тергеу барысында ол ұрлық жасауға ақша тапшылығы итермелегенін айтқан.
Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.