Семейде полицей пәтер ұрысын қылмыс үстінде ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде полицей пәтер ұрысын қылмыс үстінде ұстады

Семейде полицей пәтер ұрысын қылмыс үстінде ұстады

Семейде пәтер ұрысын қылмыс үстінде ұстағаны үшін қалалық ІІБ Орталық полиция бөлімінің тылда қамту тобының жүргізушісі, полицияның аға сержанты Руслан Вазихов мадақталды.

  • 26 Қараша 2015
  • 535
Фото - Caravan.kz

Тәуліктік кезекшіліктен кейін үйіне келген сержант үйінің терезесінен көрші үйдің ауласына белгісіз біреу кіріп, үй есігіндегі құлыпты сындырғанын байқайды.

Руслан бірден көрші алаңға бет алады. Ер адамды көрген пәтер ұрысы терезе арқылы секіріп шығып, ізін суытпақ болған. Алайда соңына түскен тәртіп сақшысы ұрыны «Волна» дүкенінің маңында ұрланған заттарымен бірге ұстады.  

Ұсталған С.Шашковтан аталған пәтерден ұрланған заттар тәркіленді. Бұл жалпы сомасы 430 мың теңгені құрайтын екі тон, түлкі терісінен тігілген жаға, әйелдерге және ерлерге арналған парфюм.

«Кейін белгілі болғандай, Шашков бұл үйге келгенге дейін екі сағат бұрын  Дачная көшесіндегі 22-ші үйден 2 ұялы телефонды қолды еткен.   Біздің полиция бөліміміздің аумағында бұл адам 5 ұрлық жасағанын анықтадық», — деді брифингте тергеуші Олжас Абданов.


Соңғы жаңалықтар