Семейде Қабанбай батырға арналған салтанатты шаралар өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Қабанбай батырға арналған салтанатты шаралар өтеді

Семейде Қабанбай батырға арналған салтанатты шаралар өтеді

16-18-шілдеде Семейде қазақтың даңқты ұлы - Қабанбай батырға арналған мерекелік шаралар өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінен хабарлады.

  • 15 Шiлде 2005
  • 753
Фото - Caravan.kz

Шара бағдарламасына сәйкес, Қабанбай батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, «Қабанбай батыр тұлғасы және отантанудың қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбындағы республикалық ғылыми конференция мен ақындар айтысы өтеді.

Меркелік шараға қатысатын танымал ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері бүгіннен бастап қалаға келе бастады. Олардың арасында республикалық тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиев бар.
«Қабанбай батырдың тұлғасын жан-жақты зерттеу қажет. Бұл әсіресе кейінгі ұрпақ үшін айрықша өзекті»,- деді ол.
16-шілдеде Қазақ қаржылық — экономикалық институтының ғимаратында Қабанбай батыр мұражайы ашылады. 17-шілдеде самбо күресінен қазақ батырына арналған республикалық сайыс басталады.

Перейти к новостям спорта