Семейде қатты аяз немесе боран секілді төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мемлекеттік мекемелердің іс-қимылын өзара үйлестіруге бағытталған оқу-жаттығулар өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қатты аяз немесе боран секілді төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мемлекеттік мекемелердің іс-қимылын өзара үйлестіруге бағытталған оқу-жаттығулар өткізілуде

Семейде қатты аяз немесе боран секілді төтенше жағдайлар туындаған жағдайда мемлекеттік мекемелердің іс-қимылын өзара үйлестіруге бағытталған оқу-жаттығулар өткізілуде

2-3-қазанда Семейде "қатты аяз немесе боран секілді төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы басқарушы органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар, апаттық-құтқару қызметі күштері мен тұрғындардың іс-қимылы" деген тақырыпта штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі . Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 2 Қазан 2003
  • 867
Фото - Caravan.kz

Жаттығуларға ауылдық округтердің басқарушы органдары, ұйымдар, қалалық апаттық-құтқару қызметтері жұмылдырылады. Шараның мақсаты- қатты аяз немесе боран секілді төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалардың әзірлік деңгейін тексеру болып табылады.

Жаттығуларды Семей қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы мен қалалық әкімшілік бірлесіп ұйымдастырған. Жаттығуға қатысушылар төтенше жағдайлар туындаған жағдайдағы шаралар жоспарын өзара үйлестіру, оларды келісе түзету қабілетін ортаға салуы тиіс. Сондай-ақ, тиісті мекемелердің қажетті құрал-жабдық және техникамен, құлақтандыру жүйесі және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтау көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар