Семейде қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді

Семейде қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді

3-5 қазан аралығында Семей қаласында қазақ күресінен Х Азия чемпионаты өтеді.

  • 2 Қазан 2014
  • 470
Фото - Caravan.kz

Чемпионатқа Қазақстан құрамасымен қатар Пәкістан, Үндістан, Түркіменстан, Шри-Ланка, Бангладеш, Ирак, Қытай, Ливан, Иордания, Иран, Йемен, Сирия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Қырғызстан секілді 19 мемлекеттің 110 балуаны қатысады, деп хабарлайды ҚР Қазақ күресі федерациясынан.

Аталған бәсеке барысында ерлермен қатар тұңғыш рет қыздар да күреседі. Қыздар төрт  салмақ дәрежесінде күш сынасатын болады. Чемпионатқа Қазақстанның атынан Анна Казюлина, Олеся Куценко (55 келіге дейін), Зәмзәгүл Файзолланова, Файза Әділбаева (65 келіге дейін), Марина Мамонтова, Ақтолқын Смағанбетова (75 келіге  дейін), Зарина Байбатина және Алмагүл Қашина (75 келіден жоғары) шығады. 

Ерлер жеті салмақ және абсолютті салмақ дәрежесінде белдеседі. Қазақстанның ерлер командасының құрамында: Талғат Шегенов, Қуат Бекбаев (55 келіге  дейін), Абзал Арыстанбеков (60 келіге  дейін), Нұржан Жұмажан (70 келіге  дейін), Бегімхан Әділбеков (90 келіге  дейін), Мереке Тұрашев (90 келіден жоғары) секілді спортшылар бар. Абсолютті салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын Айбат Сейтен мен 2013 жылғы «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров қорғайды.