Семейде қоғамдық көліктерде жүру жолақысы төмендейді - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қоғамдық көліктерде жүру жолақысы төмендейді

Семейде қоғамдық көліктерде жүру жолақысы төмендейді

Cемей. 21 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қоғамдық көліктерде жүру жолақысы төмендейді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне "Такси паркі" ЖШС хабарлады.

  • 21 Қараша 2008
  • 568
Фото - Caravan.kz

«24 қарашадан бастап «Такси паркі» ЖШС қызмет көрсететін 9 бағытта жүру жолақысы 401 теңгенің орнына 35 теңге болмақ», -дейді кәсіпорындағылар.

Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Әділғазы Бергенев өзінің Семейге сапары кезінде қаладағы жолаушы тасымалдаушыларды қоғамдық көліктерде жүру жолақысын төмендетуді міндеттеген. «Тасымалдаушылар биыл тарифті 15 теңгеге көтерді. Бірақ сіздер бағаны дизельдік отынмен жанармай 110 — 130 теңге тұрған кезде көтердіңіздер. Ал бүгін АИ-80 жанармайы 60 теңге тұрады. Сіздерге бір апта уақыт беремін — бағаны жанармай бағасына сай төмендетіңіздер», — деді Ә. Бергенев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті