Семейде қоғамдық көліктердің сапасына талап күшейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қоғамдық көліктердің сапасына талап күшейді

Семейде қоғамдық көліктердің сапасына талап күшейді

Қоғамдық көліктердің жүру жиілігі мен жылдамдығы қадағаланып, тазалығы тексеріліп тұратын болды.

  • 3 Қараша 2017
  • 272
Фото - Caravan.kz

Жолаушылар тасымалы туралы ереже мен көлік заңын өрескел бұзғандар қызметінен шеттетіліп, орнына басқа мекемелер тартылып жатыр, — деп хабарлайды Хабар 24.

Мұның барлығы автобустар қозғалысын ғарыштық жүйе арқылы көріп отырудың нәтижесінде жүзеге асты. Қалалық жолаушылар тасымалын бақылау орталығына арнайы бағдарлама сатып алынып, 400-ден астам автобусқа қондырғы қойылған. Онда көліктердің жүру жиілігі мен жылдамдығы нақты қадағаланады. Сонымен қатар мамандар қоғамдық көліктердің тазалығын да тексеріп тұрады. Қазір қаладағы 50 бағыт бойынша жолаушылар тасымалымен 7 кәсіпорын айналысады.

– Егер жиілігі 70 пайыздан төмендеп кететін болса, оны сот арқылы немесе біржақты келісімшартты бұзу арқылы бөлім, әкімдік қайтадан қайтарып ала алады. Оның мысалы ретінде жақында 8,10-бағыт солар қайтарылды. Басқа тасымалдаушыларға берілді. Сонымен қатар 22,24,43, 5, 45 және 37-бағыттардың барлығы басқа тасымалдаушыларға тапсырылды, — деді жолаушылар тасымалын бақылау орталығының директоры Бейсенғазы Тастекеев.