Семейде құны 25 млн доллар ет комбинаты салына бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде құны 25 млн доллар ет комбинаты салына бастады

Семейде құны 25 млн доллар ет комбинаты салына бастады

Семейде құны 25 млн доллар ет комбинаты салына бастады. Қала әкімшілігінің ақпаратына қарағанда, кешен ирандық жеке инвестициялар есебінен салынбақ.

  • 23 Сәуiр 2015
  • 573
Фото - Caravan.kz


Кәсіпорында ірі қара мал мен ұсақ малдың еті өңделмек, өндірістік қуаттылығы тәулігіне 400 ірі қара мал мен 2 мың ұсақ малдың етін өңдеуге, “Халал” технологиясы бойынша 7 мың тонна ет консервісі мен 70 мың тонна шұжық өнімдерін өндіруге жарамды болмақ.

Алдында хабарланғандай, зауыт үшін билік “Өндіріс” индустриалды аумақтан 68 гектар жер бөліп берген. Кәсіпорын өз өнімін ішкі рынокқа да, сыртқы рынокқа да шығармақ.Шикізат ретінде жергілікті малды, Ресей, Моңғолия, Башкорстан малын сатып алу көзделген.