2005-жыл басынан бері қалада 1979 қылмыс жасалды. Ал 2004-жылдың тиісті мерзімінде бұл көрсеткіш 2397 болған. Ауыр қылмыстар саны 11,9 процентке кеміді. Ал аса ауыр қылмыстар саны 8,8 процентке артты.
Тұлғаға және адамдардың денсаулығына қарсы құқық аясынан тысқары әрекеттер аса қауіпті қылмыстар қатарына енгізіліп отыр. Қала бойынша қасақана кісі өлтіру саны 21,7 процентке азайды.
Басқаның мүлкін тонау оқиғалары алдыңғы орындардың бірінен түспей отыр. Жарты жылда қалада 1117 ұрлық оқиғасы тіркелді. Бұл 2004-жылы тиісті мерзімнен 12,8 процентке артық.
Қарақшылық шабуылдар санын азайтуға мүмкіндік жасалды. Осындай қылмыстар саны 22,7 процентке кеміп, оларды әшкерелеу көрсеткіші 7,7 процентке артты.
Ішкі істер мекемелерінің алдын алуға бағытталған талпыныстарына қарамастан, тонаушылыққа қатысты ахуал күрделі күйінде қалып отыр. Осындай қылмыстардың саны 27,1 процентке артты.
Сонымен бірге есірткінің заңсыз айналымының алдын алуға бағыттаған «Мак» және «Допинг» атты кең ауқымды шұғыл-профилактикалық шаралардың өзі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Есірткіге қатысты қылмыстарды ашу көрсеткіші 9,7 процентке кеміді.