Семейде қымызды ыдыстарға құятын өндірістік желі іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қымызды ыдыстарға құятын өндірістік желі іске қосылды

Семейде қымызды ыдыстарға құятын өндірістік желі іске қосылды

Семейдегі "Асқар" атты кәсіпорында қымызды ыдыстарға құятын өндірістік желі іске қосылды. "Асқар" ЖШС-нің директоры Асқар Данабаевтың хабарлауынша, ол басқаратын кәсіпорын қымызды өндірістік жолмен ашытатын Қазақстандағы бірден-бір патент иесі - Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің органикалық химия және табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Зұлхарнай Сейітовтан қымызды ыдыстарға құйып сатуға рұқсат алыпты.

  • 6 Тамыз 2003
  • 1370
Фото - Caravan.kz

Қымызды сақтау мерзімі әдетте 3-4 күннен аспайтыны белгілі. Қымыздың ғұмырын ұзарту әдістерін мамандар 1950-ші жылдардан бері іздестіріп келеді. Осындай тың әдісті 1992-жылы Зұлхарнай Сейітов ойлап тауып, авторлық патентке, ал Қазақстан — қымызды өндірістік ахуалда ыдыстарға құйып тарату мүмкіндігіне ие болды.

Қымыз құйылған алғашқы бөтелкелер «Асқар » ЖШС-нің өндірістің желісінен 5-тамызда шығарылды. Мамандардың айтуынша, өнімді 10 айға дейін сақтауға болады. Серіктестікті шикізатпен аймақтағы бірнеше шаруа қожалығы қамтамасыз етіп отыр. А.Данабаевтың айтуынша, қымызды ыдыстарға құятын агрегат сағатына 400 литрге дейін өнім шығара алады. Өндірістік желіде 10 адам қызмет етеді.

Соңғы жаңалықтар