Семейде соңғы 50 жылда алғаш рет ақпанда жаңбыр жауып, қатты желден кейбір аудандар жарықсыз және сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде соңғы 50 жылда алғаш рет ақпанда жаңбыр жауып, қатты желден кейбір аудандар жарықсыз және сусыз қалды

Семейде соңғы 50 жылда алғаш рет ақпанда жаңбыр жауып, қатты желден кейбір аудандар жарықсыз және сусыз қалды

16-ақпанда Семейде ауаның температурасы 4 градусқа дейін көтеріліп, кешкі сағат 18-ден бастап жаңбыр жауды. Бұл Семейде соңғы 50 жыл

  • 18 Ақпан 2004
  • 375
Фото - Caravan.kz

ішінде ақпан айында тіркеліп отырған алғашқы жаңбыр деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы Қажыбек Исабаев. Тоқтаусыз жауған жаңбыр қарды ерітіп, бірқатар көшелерді су алды. Оған қоса секундына 18 метр жылдамдықпен соққан жел қала тұрғындарына жайсыздықтар әкелді. Электр сымдары үзіліп, электр бағаналары құлап, кейбір аудандар жарықсыз қалды. Шығыс Қазақстандық электр тарату компаниясының қалпына келтіруші топтарының күшімен үзілген электр желілері кеше таңертеңге дейін толығымен қалпына келтірілді.

Затон ауданындағы су станциясы түнде істен шығып, қаланың бір бөлігі сусыз қалды. Ақау кеше қалпына келтірілді. Коммуналдық-техникалық
қызметтер таңғы сағат 4-ке дейін көшелерді судан арылтты. Жолдардың тайғақтығы көлік қозғалысына қиындық тудыруда. Түн мезгілінде 5 жол апаты тіркелсе, кеше түске дейін 3 көлік апаты болды.

Соңғы жаңалықтар