Семейде «Спартак» футбол клубының ойыншылары үйлеріне қайта алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде «Спартак» футбол клубының ойыншылары үйлеріне қайта алмай жүр

Семейде «Спартак» футбол клубының ойыншылары үйлеріне қайта алмай жүр

Семейде «Спартак» футбол клубының легионерлері үйлеріне қайта алмай жатыр. Өйткені тамыз айынан бері жалақы көрмеген. Сондықтан жолақы тұрмақ, жалдамалы пәтерлері үшін есептесетін қаражаттары да жоқ. Арасында шетелден шақыртылған ойыншылар ғана емес, еліміздің өзге қалаларынан келген аяқдопшылар да бар. Ал жалақы сұрап барғандарға клуб басшылығының «ертеңі» таусылмайды екен.

  • 3 Қараша 2015
  • 220
Фото - Caravan.kz

-Футболдан ел біріншілігінің бірінші лигасында доп тебетін «Спартак » ұжымының негізгі құрамы, еліміздің әр қаласынан және шеттен келген ойыншылармен жасақталған. Олар үш айдан бері жалақылары мен сыйақыларын ала алмай отыр. Жалдамалы пәтерде тұрғандықтан баспаналарынан да айырылуға мәжбүр. Соның кесірінен жатарға орын, ішерге ас таппай қиналуда.

Солардың бірі –Даниел Пеев. Ол «Спартак» қатарына Хорватияда ойнап жүрген жерінен қосылған екен. Оған қомақты айлық қана емес, сыйақыға да қарық боласың деген уәде беріліпті.

Даниел Пеев, «Спартак» ФК жартылай қорғаушысы :

-Қазір жағдай мүлдем қиын. Ақша төлейміз деп уәдені үйіп төкті. Қайда сол уәде? Мен үшін бұл түсініксіз жағдай. Енді қайда тап болғанымды білмей дал болып отырмын.

Семейлік командадағы 24 ойыншының 17-сі шетел мен еліміздің өзге қалаларынан шақыртылған ойыншылар. Олар жалға алып тұрып жатқан пәтер түгілі азық-түлікке көк тиындары жоқ екенін айтуда.

Нұржарық Құнов, «Спартак» ФК қорғаушысы:

-4 ай болды. Арасында алмаған сыйақылар да бар. Осы мезгілде жетекшілермен де тілдестік. Олар сотқа берсеңдер де болады деді. Ертең үйге қайтуымыз керек. Жолға да, тамаққа да ақша жоқ. Жағдайымыз осындай.

«Спартактың» басшылығы, жалпы қарызды дөп басып айта алмады. Себебі, келісім-шарт бойынша әр ойыншының айлығы әртүрлі. Әкімдіктегілер бұны жыл басында қазынадан қаржының аз бөлінуімен байланыстырды.

Қуат Исажанов, Семей қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы:

-Осы маусымды ойдағыдай аяқтай алмай қалды.Оған қаражат жетпеді. Бірақ келісім-шарт бойынша көрсетілген ақша толықтай төленетін болады.

Бірақ шенеуніктер «қашан?» деген сауалға жауап беруден жалтарды. Енді құрғақ уәдеден шаршаған 24 аяқдопшы сотқа арызданбақ.

Соңғы жаңалықтар