Семейде «Студенттер үйі» ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде «Студенттер үйі» ашылды

Семейде «Студенттер үйі» ашылды

Семей қаласындағы іргелі оқу орындарының бірі - Қазақ инновациялық-гуманитарлық заң университетінің студенттері зор қуанышқа бөленді.

  • 27 Қыркүйек 2012
  • 566
Фото - Caravan.kz

Университет ректоры, саяси ғылымдар докторы Шырын Құрманбаеваның ұйытқы болуымен бұрынғы жатақхана ғимараты жаңартылып, күрделі жөндеуден өтуінің нәтижесінде «Студенттер үйіне» айналып, осында білім алып жатқан жастардың игілігііне берілді. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Студенттер үйінің» ашылу рәсіміне Семей қалалық мәслихатының депутаттары, ЖОО ректорлары қатысты.

Әсем ғимараттың ашылу рәсімінде сөз алған ҚазИГЗУ ректоры Шырын Асылханқызы студенттерінің қуанышын көру ұстаз ретінде, ана ретінде өзін де толқытып тұрғанын тебірене тілге тиек етті.

— Мынау алдарыңда жарқырап тұрған, барлық тұрмысқа қолайлы жабдықтармен қамтамасыз етілген ғимарат — сендердің үйлерің! Жатақханада тұрып жатқан 500-ге жуық ұл мен қыз — менің жүрегімнің бір бөлшегі. Бұл Студенттер үйі қала бойынша тұңғыш рет ашылып отыр. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі 2001 жылы «Студенттік баспана» бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алған болатын. Бүгінгі жүзеге асып отырған іс бағдарламаның орындалуына қосылған үлесіміз болып саналады. Сондай-ақ Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында айтылған тапсырмаларға да біз осындай нақты іспен жауап бердік деп есептеймін.

Бес қабатты «Студенттер үйінен» пана тапқандар үшін оқу орны да қашық емес. Студенттер ғана емес, университеттің жас ұстаздары мен магистранттары да осы жерден тұрақ табуы мүмкін. Мұнда күнделікті өмірге қажетті әлеуметтік мүмкіндіктермен бірге студенттердің сабаққа дайындалуларына арналған оқу залы, бос уақытын тиімді өткізулері үшін бейнезал мен спорттық жаттығу залы, асхана да бар.

Студенттер баспанасының ашылу салтанатына орай ғимарат лентасын академик С.Қасқабасов пен профессор А.Еспембетов қиды.

Соңғы жаңалықтар