Семейде су арнасына электр қуатын беру бойынша шектеу шарасы аптаның аяғына дейін созылады
«Семей-Водоканал»МКК электр қуаты үшін қарызының өсуіне байланысты осы аптаның соңына дейін компанияның сорғыш станцияларын электр қуатымен қамтамасыз етуге шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды «Шығысэнерготрейд» ЖШС-інің баспасөз қызметі. |
«Бүгіннен бастап кесте бойынша су арнасының сорғыш станциялары өшіріледі, осыған байланысты үйлердің жоғарғы қабаттарында суық су жоқ. Осындай шектеулер аптаның аяғына дейін жалғасады», - деп хабарлайды «Шығысэнерготрейд».
Өткен дүйсенбі күні Семей әкімдігінде өткен кеңесте қаланы жарықпен және сумен қамту мәселелері қаралды. Қала тұрғындарына су жеткізуді ұйымдастыру үшін «Семей-Водоканалға» хабарласу туралы кеңес берілді.
Бұрын хабарланғандай, «Семей-Водоканал» МКК –сінің электр қуаты үшін қарызы Т240 млн-нан асып кеткендіктен, «Шығысэнерготрейд» 7 маусымнан бастап су арнасына қатысты шектеу енгізетінін хабарлаған болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін