Семейде су арнасына электр қуатын беру бойынша шектеу шарасы аптаның аяғына дейін созылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде су арнасына электр қуатын беру бойынша шектеу шарасы аптаның аяғына дейін созылады

Семейде су арнасына электр қуатын беру бойынша шектеу шарасы аптаның аяғына дейін созылады

«Семей-Водоканал»МКК электр қуаты үшін қарызының өсуіне байланысты осы аптаның соңына дейін компанияның сорғыш станцияларын электр қуатымен қамтамасыз етуге шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды «Шығысэнерготрейд» ЖШС-інің баспасөз қызметі.

  • 7 Маусым 2011
  • 667
Фото - Caravan.kz

«Бүгіннен бастап кесте бойынша су арнасының сорғыш станциялары өшіріледі, осыған байланысты үйлердің жоғарғы қабаттарында суық су жоқ. Осындай шектеулер аптаның аяғына дейін жалғасады», — деп хабарлайды «Шығысэнерготрейд».

Өткен дүйсенбі күні Семей әкімдігінде өткен кеңесте қаланы жарықпен және сумен қамту мәселелері қаралды. Қала тұрғындарына су жеткізуді ұйымдастыру үшін «Семей-Водоканалға» хабарласу туралы кеңес берілді.

Бұрын хабарланғандай, «Семей-Водоканал» МКК –сінің электр қуаты үшін қарызы Т240 млн-нан асып кеткендіктен, «Шығысэнерготрейд» 7 маусымнан бастап су арнасына қатысты шектеу енгізетінін хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар