Семейде сүт өнімдерін өндіретін жаңа зауыт іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде сүт өнімдерін өндіретін жаңа зауыт іске қосылды

Семейде сүт өнімдерін өндіретін жаңа зауыт іске қосылды

Семейде сүт өнімдерін өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. "Қайсар ЛТД" ЖШС қалаға көрші облыстардан, сонымен бірге шекаралас Ресей елінен тасымалданатын сүт өнімдерін ығыстыруға ынталы,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2004
  • 1314
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорын басшысының айтуына қарағанда зауыт қуаты тәулігіне 30 тонна сүт өңдеуге мүмкіндік береді. Зауыт президенті Серік Қайшатаев ашылу салтанатында осылай деді. Озық финляндиялық желі көмегімен сағатына 2,5 тонна сүт өңдеуден өтеді. Жаңа кәсіпорын әзірге айран, қатық, қаймақ сияқты сүт өнімдерінің 22 түрін ұсынып отыр. Алдағы уақытта балмұздақ цехын іске қосу көзделген. Сүт тағамдарының сақталу мерзімі қысқа, сондықтан қашықтан жеткізілетін өнімдер сапасы да күмән туғызатыны белгілі. Біздің мақсатымыз өнім сапасы мен бағасы арқылы жергілікті тутынушылар көңілінен шығу,- дейді өнім өндірушілер. Шағын зауыт ұжымы 46 адамнан тұрады.

Соңғы жаңалықтар