Жарияланды: 420

Семейде «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнының бұрынғы басшысының үстінен сот басталды

Семейде «Теплокоммунэнерго» МКК бұрынғы директоры Сергей Горловтың үстінен сот амалы басталды, тергеу болжамы бойынша, ол -өткен қыста ЖЭО-1-дегі ірі апатқа басты себепкер.

С. Горлов – сот алдында жауап бергелі тұрған жалғыз айыпталушы – 2 бап - мемлекет қаржысын жымқыру және салғырттық бойынша жауап береді,деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі. Тергеу материалдарына сәйкес, ЖЭО-1-де 30-шы жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан апатты жабдықтарға күрделі жөндеу қажет болғанына қарамастан, өткен жылыту маусымына қарсы ондай жұмыстар жүргізілмеген. Еске сала кетейік, ЖЭО-1-де үстіміздегі жылдың қаңтар айында апат болған. Түтін сорғыштың кратері істен шығып, осының салдарынан №6 және 7 қазандықтар тоқтап қалған. №1 қазандықтың жұмысындағы іркілістер де оның тоқтап қалуына алып келді, кейін бу ысытқыштағы көптеген тесіктердің кесірінен №5 қазандық істен шыққан. Қаланың сол жақ жағалауында, «Новостройка», «Юность», «Океан» және «Цементный поселок» ықшам аудандарында тұрғын үйлердегі температура +8 градусқа дейін төмендеп кеткен. Бұл бір ай бойы жалғасты. Апаттың себебін анықтаумен ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау басқарған республикалық комиссия айналысты. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қала әкімі қызметінен алынып, ТКШ бөлімінің біраз қызметкерлері әкімшілік түрде жазаланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін