Семейде «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнының бұрынғы басшысының үстінен сот басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнының бұрынғы басшысының үстінен сот басталды

Семейде «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнының бұрынғы басшысының үстінен сот басталды

Семейде «Теплокоммунэнерго» МКК бұрынғы директоры Сергей Горловтың үстінен сот амалы басталды, тергеу болжамы бойынша, ол -өткен қыста ЖЭО-1-дегі ірі апатқа басты себепкер.

  • 15 Шiлде 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

С. Горлов – сот алдында жауап бергелі тұрған жалғыз айыпталушы – 2 бап — мемлекет қаржысын жымқыру және салғырттық бойынша жауап береді,деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Тергеу материалдарына сәйкес, ЖЭО-1-де 30-шы жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан апатты жабдықтарға күрделі жөндеу қажет болғанына қарамастан, өткен жылыту маусымына қарсы ондай жұмыстар жүргізілмеген.

Еске сала кетейік, ЖЭО-1-де үстіміздегі жылдың қаңтар айында апат болған. Түтін сорғыштың кратері істен шығып, осының салдарынан №6 және 7 қазандықтар тоқтап қалған. №1 қазандықтың жұмысындағы іркілістер де оның тоқтап қалуына алып келді, кейін бу ысытқыштағы көптеген тесіктердің кесірінен №5 қазандық істен шыққан.

Қаланың сол жақ жағалауында, «Новостройка», «Юность», «Океан» және «Цементный поселок» ықшам аудандарында тұрғын үйлердегі температура +8 градусқа дейін төмендеп кеткен. Бұл бір ай бойы жалғасты. Апаттың себебін анықтаумен ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау басқарған республикалық комиссия айналысты. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қала әкімі қызметінен алынып, ТКШ бөлімінің біраз қызметкерлері әкімшілік түрде жазаланды.

Соңғы жаңалықтар