Семейде тұңғыш рет 13 жастағы мектеп оқушысының жүкті болу оқиғасы тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тұңғыш рет 13 жастағы мектеп оқушысының жүкті болу оқиғасы тіркелді

Семейде тұңғыш рет 13 жастағы мектеп оқушысының жүкті болу оқиғасы тіркелді

Семейде тұңғыш рет 13 жастағы мектеп оқушысының жүкті болу оқиғасы тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей перинатальды орталығының ординатолог-дәрігері Наталья Мальцева хабарлады.

  • 21 Қаңтар 2004
  • 3893
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, жүктілік мерзімі 8 айға толған әлгі оқушы қыз осыдан бір ай бұрын орталық көмегіне жүгінген. Н.Мальцеваның айтуынша, жайсыз отбасынан шыққан қыз санаулы күндерде босануы тиіс. «Қыз 11-12 жасынан жыныстық қатынасқа түскен. Әрине, қыздың ағзасы да, өзі де ана болуға дайын емес болғандықтан одан дені дұрыс бала туады деп күтуге негіз жоқ»,- дейді Н.Мальцева. Ол осы орайда қазір 14-16 жас аралығындағы қыздар арасында жүкті болу оқиғалары жиілеп кеткенін, соған қарамастан олардың әлеуметтік және физиологиялық тұрғыдан мұндай жауапкершілікке дайын емес екенін атап көрсетті. Олардың тіпті баланы дұрыс бағып-күтуге де шамасы мен қабілеті жетіспейді деді Н.Мальцева.

Соңғы жаңалықтар