Семейде тұңғыш рет сурдоаудармасы бар спектакль көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тұңғыш рет сурдоаудармасы бар спектакль көрсетілді

Семейде тұңғыш рет сурдоаудармасы бар спектакль көрсетілді

Семей қаласындағы драма театрында алғаш рет сурдоаудармасы бар спектакль көрсетілді.

  • 3 Ақпан 2014
  • 296
Фото - Caravan.kz


"Кедергісіз театр" жобасының жүзеге асуына БҰҰ ұйытқы болды. Сахнаға мониторлар орнатылды, ал сахна сыртына тифлокомментаторларға арналған құрылғылар қойылды. "Алдағы уақытта барлық мерекелік іс-шаралар, концерттер, спектакльдер телевизиялық мониторлар арқылы ым-ишарат тілінде көрсетіледі", — деді Қазақстандағы БҰҰ жобасының менеджері Рауан Қалиев.

Таяуда мамандар бұл жобаның қалай жұмыс істейтінін сынап көрді. "Қозы Көрпеш — Баян сұлу" спектакліне есту қабілеті нашар балалар шақырылды. Балалар алғаш рет сахнада не туралы айтылып жатқанын түсініп, ерекше әсер алды. Семейде есту қабілеті нашар 2 мыңға жуық тұрғын бар. Сондай-ақ Қалиевтың айтуынша, "Кедергісіз театр" жобасының аясында Семейдегі драма театрдың мүгедек көрермендері үшін арнайы креслолар да қарастырылған, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.