Е.Көшкіннің хабарлауынша, 9-маусымда алғашқы қашу оқиғасы тіркелген. Алайда, түзету мекемесінің әкімшілігі бұл оқиғаны жасырып қалған. Ондағылар өз түсініктемесінде сотталған азамат №35 түрмеде жұмыс істеп жүр деп көрсеткен. Тексеру кезінде бұл ақпарат расталмады. Қашып кеткен тұтқынды тәртіп сақшылары Павлодарда қолға түсірді. «Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «Бас бостандығыанн айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару» жөніндегі 359-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен бірге түрме қоныстың үш қызметкеріне қатысты қызмет бабындағы тексерулер басталды»,- деді Е.Көшкін.
7-шілдеде қамаудағы тағы бір азамат қашып кеткен. «Жазасын өтеуші 11-ші абақтыға жұмысқа жіберілген. Бірақ ол түзету мекемесінің басшылығына хабар берместен Өскемендегі көңілдесіне кетіп қалған. Бір тәуліктен кейін ол автобекетте ұсталды»,- деді прокурордың орынбасары.