Семейде Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алған талапкер өз-өзіне қол салды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алған талапкер өз-өзіне қол салды

Семейде Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алған талапкер өз-өзіне қол салды

Семейде Ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен балл алған талапкер өз-өзіне қол салды. 18 жастағы Әдия Сағанаеваның мәйіті бүгін Ертіс өзенінің жағасынан табылды.

  • 11 Маусым 2011
  • 433
Фото - Caravan.kz

Қыздың тест нәтижесіне көңілі толмай суға кеткенін полицейлер да растап отыр. Әдия грантқа ілігуді армандап жүріпті. 67 балл жинағанын естіген бойжеткен түнімен жылап шыққан. Таңертең ұялы телефонын өшіріп, ешкімге ешнәрсе деместен үйінен кетіп қалыпты. Қыздың мәйітін полицейлер ертеңінде тапқан. Бүгін Әдияны туған-туыстары, ұстаздары мен сыныптастары соңғы сапарға шығарып салды.


Дәулет Садықов, Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі: 

— Емтиханды тапсыра алмай, үйге келіп, түні бойы жылап шыққан, сосын шығып кеткен; қайда кеткенін айтпаған. Бұл отбасы ІІБ тізімінде болған емес. Әдия Сағанаевамектепте жақсы оқыған деп мұғалімдері де айтты.

Соңғы жаңалықтар