Қаржы полициясының ақпаратына сәйкес, цех қожайыны қолдан жасалған акцизді және өзгенің тауар белгісін пайдалана отырып заңсыз ішімдік өнімдерін шығарған.
Кәсіпкер ҚР Қылмыстық кодексінің «Тауар белгісін заңсыз пайдалану» жөніндегі 199-бабы мен «Акциздік жинақтау маркасын қолдан жасау және пайдалану» жөніндегі 208 бабы бойынша шартты түрде бір жылға сотталып, 500 айлық есеп көрсеткіші көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Сонымен қатар баспасөз қызметінің өкілдері хабарлағандай, қалада тексерілген екі сауда нүктесінде тиісті құжатсыз ішімдік өнімдерінің сатылғаны белгілі болды. Сот дүкен иелеріне қатысты айыптау үкімін шығарды. «Бірі 180 сағаттық қоғамдық жұмыс жазасына тартылды, одан тәркіленген 399,4 литр көлеміндегі өнім мемлекет пайдасына алынатын болды, ал екінші кәсіпкер 30 мың теңге айыппұл төлейді». Тәркіленген тауардың көзі жойылды.
Семей қаласы бойынша қаржы полициясы жыл басынан бері заңсыз акциздік өнім шығаруға қатысты бес қылмыстық іс қозғаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті