Семейде Жапондық дәрігерлер қатерлі ісік дертіне диагноз қоюға арналған жаңа әдістеме енгізді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Жапондық дәрігерлер қатерлі ісік дертіне диагноз қоюға арналған жаңа әдістеме енгізді

Семейде Жапондық дәрігерлер қатерлі ісік дертіне диагноз қоюға арналған жаңа әдістеме енгізді

Семейде Жапондық дәрігерлер қатерлі ісік дертіне диагноз қоюға арналған цитоморфология атты жаңа әдістеме енгізді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Нагасаки университеті профессорының ассистенті Ғабит Әліпов хабарлады. Оның айтуынша, қатерлі ісік дертіне диагноз қоюға арналған жаңа әдістемені енгізу- Жапония үкіметі тарапынан 2000-жылдан бері жүзеге асырылып отырған "Семей өңіріндегі медициналық қызмет көрсету жағдайын жақсарту" атты жобаның кезекті бір сатысы болып табылады.

  • 31 Шiлде 2003
  • 461
Фото - Caravan.kz

Ғ.Әліповтың түсініктемесіне жүгінсек, цитоморфологиялық әдістің көмегімен қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін бірден байқап, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетуге болады. Мұндай жағдайда қатерлі ісіктен құлан таза айығуға мүмкіндік бар.

Жоба аясында аймақта тұрғындарды бірінші сатылы скрининг жүйесіне қамту арқылы жан-жақты терең зерттеуден өткізіп диагноз қою жұмыстары жүзеге асырылды. Қазір диагноз қойылған адамдарды компьютерлік тіркеуден өткізіп мәліметтер жинағын жасау сатысы атқарылып жатыр. Кейіннен бұл мәліметтерді өңірдегі медициналық қызмет деңгейін арттыру мақсатында мүдделі тараптарға пайдалануға беру жүйесі қалыптастырылады дейді Қабит Әліпов.