Семейде жастар арасында қызылша мен қызамыққа шалдығу көрсеткіштері азая түсуде - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жастар арасында қызылша мен қызамыққа шалдығу көрсеткіштері азая түсуде

Семейде жастар арасында қызылша мен қызамыққа шалдығу көрсеткіштері азая түсуде

Семейде 15 бен 25 жастағылар арасында қызылша мен қызамыққа шалдығу көрсеткіштері азая түсуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне жасөспірімдер мен студенттер емханасының директоры Зәуре Жұмагелдина хабарлады.

  • 7 Ақпан 2005
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Жоғарыда аталған жас мөлшеріндегілер арасында қызылша мен қызамыққа шалдығу көрсеткіштері азая түсу ағымын біз екінші апта байқап отырмыз. Әрбір 7 күн ішінде 10 жағдай тіркелуде»,- деді З. Жұмагелдина. 7-ақпан күнгі жағдаймен қалада 15-25 жас аралығындағы 465 науқас тіркелді. «Дейтұрғанмен, аталмыш жас мөлшеріндегі науқастар саны бұрынғыдай басымдыққа ие»,- деді дәрігер.

Оның айтуынша, Семейде 15-25 жас аралығындағыларға ақысыз вакцина егу шарасы жаңғыртылды. Қазіргі жағдаймен 4,5 мың адамға вакцина егілді. Жалпы алғанда 24 мың адамды бұл науқанға қамту қажет. «Бұл шара алдағы екі аптада аяқталуы тиіс»,- деді З. Жұмагелдина.
«Тұрғындардың иммунитетін нығайтуға бағытталған қаржы республикалық бюджеттен бөлінді. Сатып алынған дивакцина адамдарды қызамықтан да қорғайды»,- деді емхана директоры.

Перейти к новостям спорта