Семейде жол апаттарының салдарынан Ертіс арқылы өтетін көпірдің үстіндегі қозғалыс жартылай тоқтап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жол апаттарының салдарынан Ертіс арқылы өтетін көпірдің үстіндегі қозғалыс жартылай тоқтап қалды

Семейде жол апаттарының салдарынан Ертіс арқылы өтетін көпірдің үстіндегі қозғалыс жартылай тоқтап қалды

СЕМЕЙ. 3-қараша. Kazakhstan Today. Семейде қатқақ болу салдарынан бірден үш жол апаты шығып, Ертіс арқылы өтетін көпірдің үстіндегі қозғалыс жартылай тоқтап қалды.

  • 3 Қараша 2006
  • 379
Фото - Caravan.kz

Семей ІІБ жол полициясы бөлімінің кезекші инспекторы Ринат Қасеновтың айтуынша, апаттар таңертеңгі сағат 8-де болған. Жолаушы тасымалдайтын «ГАЗель» мен «Ниссан» автокөлігі соғысты. Олармен бірге екінші қатарда келе жатқан жеңіл автокөліктің жүргізушісі тежегішті шұғыл басу салдарынан көлік шыр-көбелек айналып барып 80 метр жерге лақтырылған. Ақыры ол көпірдің металл қоршауына соғылды. Оқиғаларға қатқақ пен жылдамдық ережесін бұзу түрткі болған. Апат кезінде бағытта автобуста 14 жолаушы отырған. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Осы уақытта жолдың қарсы бағыттағы бөлігінде де тағы бір апат болып, екі жеңіл автокөлік соғысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта