Семейде жол апаты 4 бірдей жас жігіттің өмірін жалмады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жол апаты 4 бірдей жас жігіттің өмірін жалмады

Семейде жол апаты 4 бірдей жас жігіттің өмірін жалмады

Семейде жол апаты төрт бірдей жас жігіттің өмірін қиды. Жеңіл көлік жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып жіберсе керек. Жүйткіген күйі жолдан секіріп, бірнеше рет аударылған.

  • 29 Қазан 2013
  • 250
Фото - Caravan.kz


Ішінде болған 19 жастағы жүргізуші мен 3 жолаушы тілге келмепті. Олардың мәйіттерін алып шығу үшін құтқарушылар арнайы құрылғыларды қолданған. Жол апаты таңға жуық болғандықтан, жүргізуші ұйықтап кетуі мүмкін деген де болжам айтылуда. Дегенмен оның арақ ішкен-ішпегені де анықталып жатыр. Бір белгілісі қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың барлығы ағайынды азаматтар екен.