Семейде жол жөндеушілердің әрекеті тұрғындардың жағасын ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жол жөндеушілердің әрекеті тұрғындардың жағасын ұстатты

Семейде жол жөндеушілердің әрекеті тұрғындардың жағасын ұстатты

Семейде жергілікті коммуналдық мекеменің жол жөндеу жұмыстары тұрғындардың жағасын ұстатты. Өйткені жолды биіктетудің орнына одан әрі ойып тастаған. Сондықтан жаңбырлы күндері ол жер көлге айналады екен. Еңіс жерді одан әрі қазып тастап, бұлай жол төсеу ақшаны желге шашу дейді тұрғындар.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 240
Фото - Caravan.kz

Көшедегі кезекті жөндеу жұмыстары тұрғындардың осылай ашуын туғызды. Астына инерттік материал төсеп биіктетудің орнына тұтастай бір жолды астаң-кестеңін шығарып қырып таспты. Енді жаңбыр жауса, еңіске су жиналып, жүріп-тұруды қиындатқан.  

Ғалымбек Әбдірахманов, Семей қаласының тұрғыны:

-Мынаның бәрі өтірік жасалып жатыр. Жолдың шетіндегі ескі асфальттің қалдықтары мен шөптер алыну керек еді. Сонымен бірге жаяу адам жүретін жол қалдыру керек еді. Оның бірі жоқ.

Осыны айтып, мекемеге бас сұққан тұрғындарға шенеуніктер жұрттың өтінішін толық ескеруге қауқарымыз жетеді деп уәдені үйіп-төгіпті. Ал іске көшкенде барлығы басқалай болып шыққан.

Орманбек Сәкенов, Семей қаласының тұрғыны:

-Жол жөндейтін басшылықтары 15 млн . теңге бөлінді деді. Енді, жаңа естісек біреулері айтады 5 млн. деп. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс.

Дабыл қақақан елді сабырға шақыруға тұрғынүй- коммуналдық шаруашылық мекемесі басшысының өзі келді. Оның айтуынша, бюджетте қаржы тапшылығы сезіле бастаған екен. Сондықтан бұл көшені орташа жөндеуден өткізуге шешім шығарылыпты.


Александр Генрих , Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Біз жұмысымызды аяқтағанша барлығын ретке келтіреміз. Өйткені жолды жөндеу жұмыстарын енді бастадық. Алаңдауға еш негіз жоқ.

Мекеме басшысы жол жиектеріне су ағарлар және жаяу адамдар жүретін тротуар жасаймыз депті. Алайда, халықтың шенеунікке сенгісі жоқ. Енді,олар көрші жатқан Дальный ықшамауданының кебін киеміз бе деп    алаңдаулы. Себебі, онда жолды күрделі жөндеуден өткіземіз деп бел  ортасында  қалдырған екен. 

Соңғы жаңалықтар